• 24
    шілде
    бейсенбі
Қанат Мырзахан

Айтысты Қанат түйіндеп отыр.

Хат айтыс

Сырым Әуезхан

Айтысты Сырым бастаған болатын.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы Мұрағат
  • Бүгінгі жеңімпазды айтыскер ақын Айтбай Жұмағұлов анықтайды Толығырақ »
  • Шілденің 22 күнгі жеңімпаз анықталды! Толығырақ »
  • Бүгінгі жеңімпазды ақын Ербол Алшынбай анықтайды Толығырақ »
  • Шілденің 21 күнгі жеңімпаз анықталды! Толығырақ »
  • Бүгінгі жеңімпазды айтыскер ақын Тоба Өтепбаев анықтайды Толығырақ »
  • Шілденің 18 күнгі жеңімпаз анықталды! Толығырақ »
  • Бүгінгі жеңімпазды айтыскер ақын Смағұл Жұмаділ анықтайды Толығырақ »
  • Шілденің 17 күнгі жеңімпаз анықталды! Толығырақ »
  • Бүгінгі жеңімпазды айтыскер ақын Талғат Мықи анықтайды Толығырақ »
Өлді деуге сыя ма?.. Мұрағат
  • Оралхан Бөкей: Неғұрлым керең болсаң, Соғұрлым жақсы естисің. Толығырақ »
  • Міржақып Дулатов: Не жаман? - Қыздырманың қызыл тілі жаман. Толығырақ »
  • Шәкәрім Құдайберді. Әуелі бір адам өзінің түзелмегін білуі шарт. Толығырақ »
  • Мұстафа Шоқайдың қанатты, рухты сөздері Толығырақ »
  • Сұлтанмахмұт Торайғырұлының өлеңдері Толығырақ »
  • Міржақып Дулатұлы: Ең алдымен істің санын салмақтамай, сапасын ескеруіміз керек Толығырақ »
  • Ахмет Байтұрсын. Қазақша оқу жайынан Толығырақ »
  • Әйтеке бидің нақыл сөздері Толығырақ »
  • Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері Толығырақ »
Сөз-ақ қой! Мұрағат
  • Жәннатқа адам тегін кіреді, тозаққа ақы төлейсің Толығырақ »
  • Серік Қалиев. Рамазан шаттандырып шалқытады, Толығырақ »
  • Тоқтарәлі Таңжарық. Сұхбатына қарасаңыз данышпанның данышпаны... Толығырақ »
  • Кенжебай Ахметов. Сен өз ісіңді қатырмай отырып, билікте нең бар? Толығырақ »
  • Ақан Сатаев: "Кино деген идеология" Толығырақ »
  • Серікзат Дүйсенғазы: Біз қазір тыныштықта өркендеп, өсіп-өніп алуымыз керек Толығырақ »
  • Балғынбек Имашев: Қазір әуретті жабу – надандық, кіндікті ашу – мәдениет санала бастады. Толығырақ »
  • Бауыржан Бабажанұлы: Ішіміз жалаңаштанып бара жатқан сияқты... Толығырақ »
  • Аманжол Әлтаев: Ең бастысы тапталып қалған ұлттық намысты оятуымыз керек Толығырақ »
Әдеби әлем

Серік Боқан, ақын: Жасанды жарға жыққысы келетіндердің ойлағандары не?

Айтпағым, Жасан Зекейұлы туралы жазылған мақалаларды, ол кісі жағынан қарсы жазылған мәтіндерді толық қарап шықтым. Қадари халімше оқи отырып үнсіз қалуды қатардағы қаламгер ретінде азаматтығыма сын деп білдім.
  • 16 мамыр, 3:06
  • /
  • 6551
  • /
  • 22

Бүгінгі қазақия қоғамында жұрт ештемеге таңданбайтын жағыдайға жетті. Мұның бірі, бүкіл мәдениеттердің жарылысы осында болып жатқанында болса екінші соғыс болмағанмен санада психолгиялық жарылыстар болып жатуында…

Оның бәрі жабайы түрде түс алған жаһанданудың жаңғырығы болса керек. «Бір бес күннің орны жоқ аптығарға…» дейді хакым Абай. Тыз етпе дүниелерге аптығып қайтеміз деп ойлайсың  кейде, дей тұрғанмен бірдеме айтқың келеді екен тағы… Біздің қоғамда алабүйректену қазақ қоғамының  жасампаздығына айналып қана қалмастан,  ұлттық спорттың бір түріне айналды… Біреулер ағайын ара араздықты ақпарат құралдарына сүйреуге мүдделі болып жүр… Бұның бәрі бүгінде бауырдай ұйыған берекенің жоқтығынан туындаған келеңсіздіктер…

Айтпағым, Жасан Зекейұлы туралы жазылған мақалаларды,  ол кісі жағынан қарсы жазылған мәтіндерді толық қарап шықтым. Қадари халімше оқи отырып үнсіз қалуды қатардағы қаламгер ретінде азаматтығыма сын деп білдім. Меніңше дипломы жоғары ма, төмен бе ол маңызды емес. Орыстың ұлы ақыны Юсуф Бородьски үшінші клас қана оқып Нобель сыйлығын алған. М.Шаханов Жетінші клас бітіріп әлем таныған ақын ретінде бүгінгі деңгейге жеткен. Айта берсек тізімі ұшан теңіз кете береді. Сонда мені ойландыратыны осыншалық қарапайым нәрсені түсінетін сол бауырларда қабылет қалмағаны ма? Не деп түсіндіруге болады?   Нағыз білім тәжрибеден дейді ғалымдар. Ол кісі туралы К. Көпжасарлар жағы дәлел келтірсін, шындық іздесін, тіпті белгілі негіздерге сүйеніп күстаналасын бірақ оған біздің қоғамда ешкім де таңырқамайды. Шындығы сол. Екінің бірінің басындағы өзіне  мәлім жағдайға кім ғажаптанады… Қызылала қағазды (дипломды) көкала қағазбен сатып алатынымыз шындық қой. Оған бола  айқайдап аттан салудың қажеті барма?

Демек, "түйені жел шайқаса, ешкіні аспаннан көр" демекші, замананың өзін толқытып отырған уақыт желіне кім тосқауыл болады. Сол алмағайып кезеңді бастан өткерген бүгінгі халық жақсы біледі.   Жасан мырза сол Қазақстанның 1995 жылдардағы алғашқы ауыр кезеңінде келіп осындағы жұртпен бірге тоңып, өзінің тірлігін жалғастырған болатын. Сол дауірдегі халықтың ауыр жағдайы кімнің есінен кетсін. Ыстығына күйіп, суығына тоңып өзінің осы мамандығын жалғастыру оңай шаруа емес. Оны терең үңілген адам түсінеді. Бүгінде қазақтың жағдайы алмағайып кезеңде тұр. Азаттықты алып қазақтықтан айырылып бара жатқан халқымыздың жайы алаңдатады. Қазақтың ендігі шығар жолы ағарту жолымен және экономикалық қуатты күшейту бағытымен жаһандану жаңғырығына төтеп береді. Жасан сыияқты азаматтар көптеп шыға берсе ел еңсесін көтеруге серпін беруі әбден мүмкін. Оның үстіне қазақы болымыспен рухқа ие кісілер біздің күңгірт қоғамның шам шырағы…

Өзекті тақырыпқа келсек: Жасан Зекейұлына сілтеніп жатқан шоқпардың жаңғырығын жақында «Жас алаш» газетінен «Абай.кз» сайытынан оқыдым. Мені таңғалдырағаны сыныққа сылтау іздеп шабуыл  жасаған кісілердің әлде бір мүдде қақтығысы барма деп байыбына бара алмай қойдым. Бейсаналы сілтенген қалам өзінің нысанасына тигенімен, шынайы орнын таппай тұр. Мұны сонша принципке көтеретіндей үлкен оқиға емес екен деп таңдандым. Мылтықсыз майдан алаңын көріп тұрмын. Қалам автоматынан суық ақылға емес, эмоцияға ерік берген рексиялар жаңбырша жауып тұр... тигені терекке, тимегені бұтаққа...  Қаймана халықтың бірі, бүгінгі дәуірдің азаматы ретінде адамдық көзқарасымды ашық мінберге алып шығып, өз атыммен пікірімді білдіруге тырыстым. Жасан Зекейұлын сырттай жақсы білемін. Қазақтың қаймағы бұзылмаған сонау Тарбағатайдың Толы ауданынан қатардағы бір дәрігерден бүгінгі деңгейге жету үшін ұшан теңіз еңбектеніп келгені сөзсіз.

Шынын айту керек, бүгінгі ғылым және медицина саласында жалған емес нәрсе бар ма? Есін енді жиіп мектеп оқыған бүлдіршіннен басталған пара ең жоғарғы ғылым атағын алған ғалым сымаққа дейін ұлғайып отырғанын ақылы бүтін адам білмейтін нәрсе ме? Бұл туралы ренішін Президентіміз де, өз сөзінде атап көрсеткен. Жәнеде  Оның бәрі бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіздіктен бері айтылып сарғайған тақырып.

Демек біздің еліміздің ғылым медицина саласы ақшаға боялғаннан кейін мөлдірлігінен айырылып, жалған дүниелер еркін түс алды. Сонан барып қағаз бастылықтан көз ашпай көшкіндей жөңкілген қоғамның дертіне айналды. Бірде мен Алматы облыстық емхананың ішкі аурулар бөлімінің бас маманына қаралдым. Қаралғанда дәрігердің алдына жету аспанға шыққанмен бірдей екен... Қалың уақыт өлтіретін қажетсіз тексерулерден кейін, өлдім-талдым деп он күнде кабинетіне әрең жеттім... Мен берген дәптерге жарты сағатқа таяу уақыт бірдеңелерді толтырды. Өзімнен сұрап алып жазады. Не ауру десем күмілжіп тіл қатпайды. Сонымен диагнозы белгісіз күйінде қалды. Сонымен төрт ай албаты дәрі беріп, асқындырып шетелге барып емделіп әрең сауыққаным бар. Мұның бәрі маған жазған дәптерде әлі тұр. Мінеки аталмыш орынның бас дәрігерінің сықпыты осы. Одан не сұрауға болады?.. Бүкіл халық менің айтқанымды растайды. «Айтуға оңай...» бағдарламасын көрсеңіздерде аталмыш тақырыптағы дүниелер туралы  толық мәлімет аласыздар.. Бұның өзі дәлелдеуді қажет етпейтін болмысқа айналды. Айтпағым, Жасан мырзаның медицина орталығы қолма-қол тексеріп, диагнозын барынша нақ шығарып, бірден жедел емдеу жұмысын жүргізеді. Бұл қағаз бастылықтан әбден қажыған халыққа жасаған ерекше жеңілдік деуге болады. Демек, біраз халықтың жан тынысын осы орталықтан алып жатқаны шындық. Қазірге дейін емдеу тарапынан өте жақсы аңыстардың кең өріс алуы, уақыт ағысымен белгілі даму проссесін басып өткенінің айғағы. Қазақ сөзге тоқтаған, сөз жетпеген кезде күй арқылы толғаған халық. Бұл жолы жанымның тереңінде тұнып жатқан күй емес сөзге ерік бергенімде сол. Шам алып Жасанның ізіне түскен топ дәлел іздеу арқылы өз мүдделеріне жетуге тырысушылдығы байқалады... Бұның артында қандай бір сыр бар?

Жаға жыртысуды ғадетке айналдырған күншілдік дерті ме? Менің сөз етпегім ол емес. Адамдықтың алтын арқауының желісі. «Жасай медициналық орталығына» тек қазақты былай қойғанда басқа ұлттардың жа қатарының күн сайын молыға түсуі үлкен негіздік білімнің пәрменінің жемісі. Ғылымды атақ даңықпен, темір-терсекке бағынышты ету отарлаушы империялардан келген залал. «Шипагерлік баян» кітабін жазған Өтейбойдақ қайсы оқу орнын бітірген еді. Бүгінде адамзатқа асыл қазына қалтырғанын неге ұмыттық... Махамбет, Абай, Шәкерімдер қандай атақ алып еді? Құрманғазы ше? Қандай оқу орнын бітіріп еді. Білімді тәбиғи дүние арқылы біліп жинады емес пе. Мысалы, қазақтың арыдан келе жатқан оташылық өнерін айтайық. Ешқандай дипломсыз өзінің Алла берген табиғи талантының арқасында, дерт меңдеткен талай жанға араша болмап па еді..  Ендеше үлкен жақтан қарасақ сол атақ-абырой туралы дау-дамай тудырудың өзі әбестік. Алайда, біздің дәуірімізде бүкіл еркімізді қағазға бағындырып қойғаны шындық. Осындай жағдайда бір адамның артынан шам алып түсуіміздің өзі орынсыз. Ол тырнақ астынан кір іздеушілік. Діңкемізді құртқан осындай келеңсіз үрдістен өзімізді сүйреп шыға алмаймыз. Соны біле тұра жағаға жармасуымыз лайық па? Шынық іздеп жүрміз деп жұмбақ әлемнің кілтін тапқандай ұрандауымыздың қажеті қанша? "Тура сөз туысына жақпайды" дейді, үкіметтің өзі қауқарсыздық танытып отырған бұл халды біздің бір-бірімізден іздеуіміз өкінішті...

Шынын айтсақ алғаш келгенде осы жазуын жазбақ түгілі харпін танымайтын едік. Соның бәрін жақсы білетін сол бауырлардың егесі мені қатты толғандырды. Жаға жыртысудың орнына бір-біріне бауырмалдық сезімде болмай ма? Не болсада өз еңбегін игеріп жатқанына сүйінішпен қарамай ма? Бұл жерде білім туралы сөз ашу былай тұрсын қоғамға бейімделіп өмір сүрудің өзі оңай шаруа емес...  Қытай елінде игерген білімін осында үйлестіріп, халына еңбек етуін мойындауымыз керек.  Өзіне тән шеберлігімен, дарындылығымен, шығыс медицинасының үлгісін пайдаланса оған неге күман келтіріміз? Демек мен бұл мақаламда бастан аяқ рухани өлшем тұрғысындағы кісілік өлшеміне жүгініп отырмын. Адами келібет жөніндегі бізге жетпейтін бір нәрсенің кем екендігін сезем... Адамдарды бір жерге ұйыстыратын мейірім, махаббат. Бір ғұлама «адамдар өтірікші емес, бірақ іштеріне өтірік толып қалған»,- деген. Біз сол өтірікті шындық деп алашапқын болып жүрміз...   Өтіріктің не екенін біліп алып шындық іздейік..

Мана бізге бір нәрсе жетпейді деп айтып кеттім. Жеткізбей діңкемізді құртып, буынымызды алатындай қандай құдіретті нәрсе? Біздің бұратана хадықтардан артықшылығымызда сол емесепе еді. Қыйсынды өмірмен ой желісін содан табамыз. Айқай мен Күрессіз өмір жоқ  дейді ғұламалар, Алайда немен күресуіміз керек екенін білу өте маңызды...       

Теги : Жасан , Серік Боқан , Айтыс сайты , айтыс

Пiкiрлер (22)

  • Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос.
  • елді дұрыс емдеп жүрсе, несі бар. Қайта жақсы емес пе өз қазағымыз елдің алғысын алып, елге қол ұшын бергені.
  • ЖАСАН БӘРІН ЖАЗАТЫН ӘУЛИЕ ЕМЕС. Алдымен халық соны білгені дұрыс. қатардағы қарапайым дәрігер ретінде, әлі келгенше қазірге дейін мыңдаған науқасты аяғынан тік тұрғызды. Солардың ішінде депутаттарда, өнер қайтаркерлері де жетерлік... Көз жасы көл болып Жасанға алғыс айтып жатқанын талай жиын-тойда естігенбіз.
    Ал Ибрагим деген адамның қанында Зуқаны сатқан Жақияның сатқындығы жатқандай сезіледі маған...
  • Дұрыс айтасыз Шоқан мырза, әрекет адамнан, Шипа Алладан ғой. ол кісі қолында бар ьүькіндігін ғана істейді.
  • кейінгі ел қазақтың халық емшілігін ұмытқандай. Жасанды халық емшілігін жақсы меңгерген азамат деп естіп едім. осындай азаматтар көбейе берсін
  • Жасанды Жарға жыққысы келетіндердің ойлағаны не болушы еді... бір үйірді үшке бөліп үйренгендердің қылығы да. ауру кетсе де әдет кетпейді, біреуді шұқыламаса, отыра алмайды.
  • Жасан қолынан келген емін жасап ғана қоймай, білмеген ауруларын үнемі үйренумен, зерттеумен де жиі шұғылданады. оның сыртында ауылдан келгендерге, жетім-жесір, нашар отбасына көптеген жеңілдіктер, тіпті тегін жасап беретін кездері де болады. Ол кісінің жүрегі жұмсақ, көңілін қалдырғысы келмейтін адам.
  • Жасан қолынан келген емін жасап ғана қоймай, білмеген ауруларын үнемі үйренумен, зерттеумен де жиі шұғылданады. оның сыртында ауылдан келгендерге, жетім-жесір, нашар отбасына көптеген жеңілдіктер, тіпті тегін жасап беретін кездері де болады. Ол кісінің жүрегі жұмсақ, көңілін қалдырғысы келмейтін адам.
  • Жасан халыкты емдей берсин брак сонша отирик атактын кереги не. Дипломы жок каншама емшилер бар .
  • өзінен озған адамды тозған адам күндейді деген бар. ауызы жетпеген майды мысық сасық екен депті. Жасан деген кісіні көргенім жоқ, бірақ естимін. демек есімі ел аузында жұрген кісі, атаққа да лайық, өсекке де ілінгіш болса оған қуана бер. қатардағы қарапйым жанды ешкім де өсектей алмайды. Жасан аға жасай берсін!!!
  • Серік Боқан тілің кәдімгідей өткір,талайды шаң қаптыратын ақын жігіт көрінесің. мақаланы негізгі тақырыптан ауытқып болсада тамаша жазғансың. Бұныңа ризамын.Себебі,дәл қазіргі елімізде болып жатқан сан мыңдаған өтіріктің біраз болсада айпарасын ашып ащы шындыққа бара алғансың. Өкініштісі, орыстан бастап қазақтың әйгілі ақындарын мысалға алыпсың.Иә олардың ұлы ақындар екендігі рас. бірақ ақындық, әншілік,күйшілік, сазгерлік деген сяқты быраз қасиеттердің тектен, АЛЛАдан келетіні айқын. Ал халық емшісі емес дәрігерлік, ол ғылым. ғылымға өтірік қосылмайды.әсіресе адам өмірімен ойнайтын бұл кәсіпке өтірік атақ,өтірік деплом қосылса онда қаншама халықтың денсаулығына нұқсан келтірмей ме? бұл халыққа, адамға болған қастандық болмай ма? менде сен сяқты қытайдан келген азаматпын. "аңқау елге арамза молда"болып не керек? мен Жасанды танымаймын да, бір-ақ қытайдан келген кез-келген оқымысты жыгіттерден сұрасаң ,оның шылғи өтірігін жырдан қызық қылып айтып береді. оның несін жасырамыз егір біз шынымен Отаншыл, халықшыл болсақ? сіз тек әдебиетті ғана оқыған адам көрінесіз.нағыз ғылым оқымаған сяқтысіз. сондықтан ұшқары пікір айтуға барғансыз. меніңше кімді, нені қорғау керек болса да ғылыми пікір ,нақты айғақ болмаған жағдайда ауызды бағып тыныш отырған жөн. Менің Жасанмен де сізбенде еш шаруам жоқ.Тек әділдік ,шындық, ақиқат қана биік үстаған туым!
  • Мана бізге бір нәрсе жетпейді. Я, саған да жетпей тұр, Шоқан!
  • Секе мақалаңды оқыдым,шындықты шырқыратып айтыпсың.қаламың мұқалмасын,шап
  • "Жақсыға сөз ереді,жаманға шөп ереді" емеспе мен сөз ерген адамды жақсы адам деп түсінемін.Ол кісіні алла өзі құтқарады.
  • байқаймын жақсылығын сізден аямаған сияқты
  • қытай дан келып өз қуйрықтарыңды өздерын ашыңдар.

    Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос.

    басқа ултқа тйсуге тылын жытпей тур ма



  • "өтіріктің арты бір тұтам" - дегенді мойындаған жөн. не деп ақталсада бар шындық ашылды, енді елді қандай өтіріктермен алдауға көшті?
  • за подарки жасана скрываете правду жасай и жасан никого не лечить а делает еше хуже.он нуждающимся не помогает а делает показуху чтобы скрыть своии часто допускаемые врачебные ошибки.пусть жасан возвращает полученные обманным путем от пациентам денги. жасану нету места в руководящей партии
  • азын аулақ силығына алданбаңыз жасан өзін өзі жарға жығып жатыр.
    Озық ойдың жаршысына айналған “Жас Алаштың” М.Мыңжасарұлының мақаласын жариялағаны өте дұрыс. М.Мыңжасарұлының мақаласы күншілдік емес нағыз шындық. Науқастар өтірік жарнамаға алданбасын деп халықтың жағдайын ойлаған Мыңжасарұлына рахмет.жасай мен жасан науқас емдемейді тек журнал арқылы жалған жарнамамен алдап науқастардың ақшасын алады.жасанның ақшасына бола жалған жарнама жасаушылар науқастарды алдап шақырғаны үшін жасанмен бірге ҚР заңы алдында жауап беретінін ойлануы керек.
  • Құрметті Серік Боқан жасан сіз ойлағандай жақсы адам емес зерттеп көріңіз.
    жасайда жақсы дәрігерлер бар жасан өзі диагнозды көбіне қате қойып оларды тыңдамай отыр. дәрігерлік қателіктерін біліп қалмасын деп науқастарға выписка ақша төлегені жөнінде квитанция бермейді.жасаннан көш ілгері жасан сияқты өтірік атақты сатып алмаған нағыз талантты дәрігерлер жасайдан шығып өз емдеу мекемесін ашайын десе олардың документтерін алдап алып алып кетсең документін тастап ақша алған деп айтам деп бопсалап шантаж жасап қорқытып ұстап отыр.
  • за неправильно поставленный диагноз и за врачебные ошибки жасан должен вернуть денги пациентам
  • Ассалаумағалейкум Серік қалай қалын өзінді жоғалтып алдыққой бармысың қайдасын хабарласпай кеттын гой сенің өлеңдеріңді қайта тыңдасам деп едым қайдан табуыма болады

ПІКІР ҚОСУ